Күнделікті өмірде асығыс жүргізушілерді, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кететіндерді, жаяу жүргіншіге жол бермейтіндерді жиі кездестіреміз.
Кейбір адамдар «Бір рет ережені бұзғаннан ештеңе болмайды» деп ойлауы мүмкін. Бірақ жолдағы бір ғана қателіктің салдары орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Мен үшін жолдағы тәртіптің ең қарапайым қағидасы бар: өзіңе қандай құрмет көрсетілгенін қаласаң, өзгеге де сондай құрмет көрсет. Жүргізуші жаяу жүргіншіні сыйласа, жаяу жүргінші де жол ережесін сақтаса, жолдағы қауіп әлдеқайда азаяды.
Әсіресе көлік жүргізушілерінің жылдамдықты сақтауы, көлік басқарған кезде телефонға алаңдамауы және мас күйде рөлге отырмауы өте маңызды деп есептеймін. Ал жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпей, бағдаршам талаптарын орындауы керек. Жолда бір секунд ұтқаннан гөрі, бір адамның өмірін сақтап қалған әлдеқайда маңызды.
Дархан Шапхатұлы
Қазақтелеком» АҚ Орталық аппаратының өңірлік даму жөніндегі басшысы




