Жол қауіпсіздігі – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындағанда ғана қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады. Қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдықты шектен асырмау, жаяу жүргіншілер өткелінде абай болу және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбау – әр адамның қауіпсіздігіне ықпал етеді. Жолда тәртіп сақтау – мәдениеттілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Ақерке Талғатқызы



