Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізуші де, жаяу жүргінші де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.
Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, рөлге мас күйде отыру және көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау адам өміріне қауіп төндіреді.
Жолдағы бір сәттік жауапсыздықтың салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан асығыстыққа жол бермей, белгіленген жылдамдықты сақтап, жаяу жүргіншілерге жол беру маңызды. Қауіпсіздік ережесін сақтау – өз өміріңді ғана емес, өзгенің де өмірін қорғау.
А.Шығанақова




