ЖИ дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер

 

Жасанды интеллект бүгінгі таңда әлемдік дамудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында көтерген бастамалары өте өзекті деп есептеймін. Әсіресе, жасанды интеллектіні тек технологиялық жетістік ретінде ғана емес, адамзат игілігіне қызмет ететін құрал ретінде қарастыру маңызды.

Қазіргі таңда білім беру, медицина, өндіріс, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кеңінен қолданылып келеді. Бұл технология адамдардың уақытын үнемдеп, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Президенттің халықаралық ынтымақтастық пен өзара сенімге негізделген серіктестікті дамыту туралы пікірі заман талабына сай келеді. Өйткені жасанды интеллекттің дамуы бір ғана мемлекеттің емес, бүкіл әлемнің ортақ жауапкершілігін қажет етеді. Қазақстанның бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетуі еліміздің цифрлық трансформацияға және инновациялық дамуға ерекше мән беретінін көрсетеді.  Сондықтан жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды тиімді пайдалануға үйрету – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

      Асулан Абдырахманов

 Аудандық орталық аурухананың басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT