Жемқорлықсыз болашақ — таза қоғам

Менің ойымша, пара алу немесе пара беру — заңға қайшы ғана емес, қоғамның дамуына кедергі келтіретін өте қауіпті құбылыс. Парақорлық кезінде адам өз қызметтік міндетін адал орындаудың орнына жеке пайдасын көздейді. Бұл әділдік қағидасын бұзып, заңға және мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін төмендетеді.
 Пара беру де, пара алу да қоғамдағы теңсіздікке әкелуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені заңды жолмен шешуге тиіс адам пара арқылы өзіне артықшылық алса, басқа азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері шектеледі. Осылайша, еңбегі мен заңды құқығына сүйенген адам емес, ақша немесе басқа да пайда ұсынған адам басымдыққа ие болады. Мен мұны әділетсіздік деп санаймын.
 Парақорлықпен күресу үшін заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Балалар мен жастарға адал еңбек етудің, әділдік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру де маңызды. Себебі адалдықты бағалайтын қоғамда парақорлыққа орын азаяды.
                  
                                   Нұрдәулет Ақназаров
                       Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT