Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы – әрбір мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығының негізгі кепілі. Ал сыбайлас жемқорлық осы қағидаттарға үлкен қауіп төндіретін теріс құбылыс деп есептеймін. Себебі ол әділдікке селкеу түсіріп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді.
Менің ойымша, сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – әр азаматтың ішкі ұстанымына, тәрбиесіне және адалдығына байланысты. Егер әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды бұзбауды басты қағида етсе, қоғамда әділдік орнап, тәртіп нығая түсер еді.
Қазіргі таңда елімізде бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, жемқорлықты түбегейлі жою үшін ең алдымен адамдардың санасы өзгеруі қажет. Адал еңбек пен заңға құрмет жоғары бағаланған жерде ғана бұл мәселе өз шешімін табады.
Қала тұрғыны
Әділхан Айтбаев


