Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн сервистерді күнделікті өмірде көп қолданамыз.
Сондықтан жеке аккаунттардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауға болмайды деп ойлаймын. Кей адамдар қарапайым құпиясөздерді қолданады немесе оны басқа адамдарға айтып қояды. Ал бұл алаяқтардың аккаунтты бұзып, жеке ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді пайдалануына мүмкіндік беруі мүмкін.
Меніңше, әр адам өзінің жеке деректеріне мұқият болып, құпиясөзін ешкімге бермеуі керек. Сонымен қатар бейтаныс сілтемелерге өтпеу, күмәнді хабарламаларға жауап бермеу және аккаунтқа қосымша қауіпсіздік шараларын орнату маңызды. Әсіресе әлеуметтік желідегі парақшаға банк картасы, телефон нөмірі немесе басқа да жеке мәліметтер байланыстырылған жағдайда сақтықты күшейткен жөн.
Аккаунттың бұзылуы адамның жеке өміріне ғана емес, оның жақындарына да зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, бұзылған парақша арқылы таныстарына жалған хабарлама жіберіп, ақша сұрау жағдайлары кездеседі. Сондықтан киберқауіпсіздікке әр адам жауапкершілікпен қарап, күмәнді әрекет байқалса, дер кезінде тиісті мамандарға немесе құқық қорғау органдарына хабарлағаны дұрыс.
Бибигүл Нұрланқызы
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекші-координаторы



