Жауапкершілік жолындағы бірлік

«Таза Қазақстан» акциясы – елді мекендердің тазалығын сақтап қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды бастама.

Меніңше, мұндай жұмыстар бір күндік акциямен шектелмей, күнделікті өмір салтымызға айналуы керек.

Әр адам өз ауласына, көшесіне, өзі тұратын ортасына жауапкершілікпен қараса, үлкен өзгеріс болады. Тазалыққа үлес қосу үшін міндетті түрде үлкен іс атқарудың қажеті жоқ. Қоқысты кез келген жерге тастамау, айналаны таза ұстау, ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасау – әрқайсымыздың қолымыздан келеді.

Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаймын. Таза әрі көрікті орта – бәрімізге ортақ құндылық.

 

                

         Марат Таңатарұлымен

 

"Атырау Жарық" ЖШС аудандық электр жүйесінің басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT