Жасыл желекті қорғау – болашаққа қамқорлық

Ағаштар мен жасыл желек қоршаған ортаның көркін келтіріп қана қоймай, ауаның тазаруына да ықпал етеді. Сондықтан көшеттерді отырғызумен қатар, оларды күтіп-баптау да маңызды.

Өсімдіктерді сындыру, жас көшеттерді зақымдау және жасыл аймақтарды ластау табиғатқа жанашырлықтың аздығын көрсетеді.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ортақ іс. Әр тұрғын ағаштарды күтіп, айналасын таза ұстап, табиғи байлықты сақтауға үлес қоса алады. Бүгінгі жасалған қамқорлық – келер ұрпаққа қалатын игілікті іс.

 

Х.Жаппасова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT