Орманды заңсыз кесу – табиғатқа ғана емес, болашақ ұрпақтың өмір сүру ортасына да зиян келтіретін ауыр құқық бұзушылық. Орман – қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтайтын, ауаны тазартатын және жануарлар дүниесінің мекені болып табылатын баға жетпес табиғи байлық.
Орманды заңсыз кесу фактілеріне қоғам болып бейжай қарамауымыз керек. Бір тал ағаштың өсуіне жылдар қажет болса, оны кесіп жою үшін бірнеше минут жеткілікті. Сондықтан табиғатты қорғау әр азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс.
Заңсыз ағаш кесумен айналысатындарға заң аясында қатаң шаралар қолданылып, бақылау жұмыстары күшейтілуі қажет. Өйткені орманды қорғау арқылы біз қоршаған ортаны сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа жасыл әрі таза табиғатты аманаттай аламыз.
Гульзира Әміржанқызы
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы



