«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты бағыттарының бірі – елді мекендерді көгалдандыру. Бұл бастаманың маңызын бүгінгі таңда әрбір қазақстандық сезінуі қажет деп ойлаймын.
Жасыл желек – табиғаттың көркі ғана емес, адам денсаулығының да кепілі. Ағаштар ауаны тазартады, қоршаған ортаның температурасын реттейді және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Сондықтан ағаш отырғызу – болашаққа жасалған инвестиция.
Соңғы жылдары еліміздің көптеген өңірлерінде ағаш егу дәстүрі жақсы жолға қойылып келеді. Бұл іске мемлекеттік мекемелермен қатар қоғамдық ұйымдар мен қарапайым тұрғындар да атсалысып жатыр. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ауылдар мен қалалардың келбеті өзгеріп, жаңа саябақтар мен гүлзарлар пайда болуда.
Кемел Баймұратов, Жылыой ауданы тұрғыны



