«Таза Қазақстан» акциясы қоғамға үлкен серпіліс берген игі бастамалардың бірі болды. Себебі қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекетке емес, бүкіл халыққа ортақ мәселе. Мен бұл акцияны елдің бірлігін көрсететін маңызды шара деп есептеймін.
Кейде адамдар қоқысты кез келген жерге тастап, табиғатқа зиян келтіретінін байқамай қалады. Ал осындай экологиялық акциялар адамдардың санасына әсер етіп, жауапкершілікті арттырады. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуы өте маңызды. Олар табиғатты аялауды кішкентайынан үйренеді. Таза ортада өмір сүру – әр адамның арманы. Сондықтан әрқайсымыз табиғатты қорғауға үлес қосуымыз керек. «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы ең пайдалы жобалардың бірі деп санаймын.
Сағындық Мақашов, Жылыой ауданы тұрғыны


