Жастар және есірткі мәселесі

Менің ойымша, есірткі – қоғамға өте үлкен қауіп төндіретін мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығын ғана емес, оның болашағын, отбасын және өмірін бұзады.

Есірткіге тәуелді болған адам уақыт өте келе өз еркін жоғалтып, қалыпты өмір сүру қабілетінен айырылады. Мұндай адамдардың көбі оқуын тастап, жұмысынан айырылып, қылмысқа баруы мүмкін. Сондықтан есірткі тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі болып саналады.

Қазіргі кезде жастар арасында есірткінің таралуы алаңдатады. Кейбір жастар қызығушылықпен немесе достарының ықпалымен байқап көреді. Бірақ бір рет қолданудың өзі адамды тәуелділікке әкелуі мүмкін. Әсіресе синтетикалық есірткілер өте қауіпті, себебі олар адамның жүйке жүйесіне тез әсер етіп, психологиялық және физикалық ауруларға алып келеді.

Сол себептен, есірткімен күресу тек заң арқылы ғана емес, тәрбие арқылы да жүзеге асуы керек. Отбасында ата-ана баласына дұрыс бағыт беріп, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіруі қажет. Мектептерде де жастарға салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Спортпен айналысу, білімге көңіл бөлу және жақсы ортада болу – есірткіден алыс жүруге көмектеседі.

    
                                     Сымбат Қабдрахманова

                                 Ауданның мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT