Біз “Таза Қазақстан” акциясына белсенді қатысудамыз. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. Табиғатты қорғау арқылы болашаққа жарқын жол саламыз.
Кез келген қоғамдық өзгерістің болашағы жастармен байланысты. Жастар экологиялық бастамаларды тез қабылдайды, жаңа технологияларды меңгеруге бейім және әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікірге ықпал ете алады. Қазақстанда волонтерлік экологиялық қозғалыстардың, жастар ұйымдарының көбеюі – осының дәлелі.
Дегенмен, экобелсенділік тек акциялармен шектелмеуі тиіс. Ол күнделікті өмір салтына айналғанда ғана нәтиже береді. Қоқысты бөлек жинау, пластикті аз пайдалану, қоғамдық көлікті таңдау осындай қарапайым, бірақ маңызды қадамдар.
Дана Баймағамбетова


