Мен «Таза Қазақстан» акциясын жастарды тәрбиелеудің тиімді құралы деп санаймын. Себебі мұндай шаралар жас ұрпаққа еңбекқорлықты, табиғатқа жанашырлықты және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауды үйретеді.
Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мәдениетін бала кезден қалыптастыру маңызды. «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы игі бастамалардың бірі.
Мұндай жобалар арқылы жастардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімі арта түседі.
Еркебұлан Сәлікұлы
Ерікті жас



