Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы неге төмен?

Көптеген жастар өз құқықтары мен міндеттерін толық білмейді. Соның салдарынан кейбіреулер заңды байқамай бұзса, енді біреулер өз құқықтарын қорғай алмай жатады.

      Қазіргі уақытта құқықтық білім мектеп бағдарламасында болғанымен, оның өмірдегі маңызы жеткілікті деңгейде түсіндірілмейді. Жастар заңды тек пән ретінде емес, күнделікті өмірде қажет құрал ретінде қабылдауы тиіс. Менің ойымша, құқықтық сауаттылықты арттыру үшін мектептерде тәжірибелік сабақтар, пікірталастар мен құқық қорғау мамандарымен кездесулер жиі ұйымдастырылуы қажет. Заңды білетін жас – жауапты азамат.

Аманжан Бекболатов, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT