Жас ұрпақты теріс жолдан сақтайық

 

Кәмелетке толмағандарды қылмысқа тарту – қоғамның болашағына жасалған ауыр қиянат деп есептеймін. Балалар мен жасөспірімдер – өмірлік тәжірибесі әлі қалыптасып үлгермеген, ересектердің ықпалына тез еретін топ. Сондықтан оларды заңсыз әрекеттерге итермелеу олардың тағдырына ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етеді.

Сондықтан мұндай әрекеттерге қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары және жалпы қоғам бірлесіп жұмыс істегенде ғана жастарды теріс жолдан сақтап, заңға құрметпен қарайтын, елдің дамуына үлес қосатын саналы азамат тәрбиелей аламыз. 

          Қуаныш Шалабаев 
 "Зымыран үлгілеу" үйірмелерінің жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT