Жарқын болашақ кепілі

Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Табиғат – адамзаттың ортақ үйі, сондықтан оны таза сақтау әрбір азаматтың міндеті.

Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының маңызы зор. Бұл акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ластанудан сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру. Акция барысында ел тұрғындары сенбіліктерге қатысып, көшелерді, саябақтарды және су айдындарын тазалайды. Мұндай шаралар адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

“Таза Қазақстан” тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар үлкен тәрбие мектебі. Әсіресе жастар үшін бұл акцияның мәні ерекше. Олар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, экологиялық жауапкершілікті бойына сіңіреді. Бұл – болашақта экологиялық саналы ұрпақ қалыптастыруға жол ашады. Таза орта – денсаулықтың кепілі. Егер біз айналамызды таза ұстасақ, өзіміздің де өмір сапамыз жақсарады. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс – табиғатқа қосылған үлкен үлес.

Сандуғаш Айтқұлова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT