Жарқын болашақ кепілі

 Табиғат – адамзаттың ең қымбат байлығы. Сондықтан оны қорғау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы мақсатта ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы қоғамды экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға шақырады. Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, табиғаттың ластануы үлкен мәселеге айналып отыр. Мұндай жағдайда тазалық акцияларының маңызы ерекше. Олар қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, жастардың бойында еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады.

     Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Әр адам қоқысты арнайы орынға тастап, ағаш отырғызып, табиғатты аялауға үлес қосуы тиіс. Сонда ғана «Таза Қазақстан» акциясы ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізеді.


Бекарыс Есентай, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT