Отбасы – әр адамның жылуы мен қорғаны болатын ең жақын ортасы. Сондықтан жанұядағы түсіністік пен өзара сыйластықтың маңызы зор. Кей жағдайда тұрмыстық қиындықтар, қаржылық мәселелер немесе ашу-ыза отбасындағы жанжалға себеп болуы мүмкін.
Жанжалдың алдын алудың ең дұрыс жолы – бір-бірін тыңдап, мәселені сабырмен шешуге тырысу. Әсіресе балалардың көзінше дау-жанжалға жол бермеу маңызды. Қандай жағдай болмасын, мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайды.
Отбасындағы тыныштық пен татулық әр адамның жауапкершілігінен басталады. Бір-бірімізге құрметпен қарап, қиын сәтте қолдау көрсете білсек, берекелі отбасы мен қауіпсіз қоғам қалыптастырамыз.
Мақсат Нұрғалиев



