Заңсыз аңшылық пен балық аулау — табиғатқа және қоғамға үлкен зиян келтіретін құқық бұзушылықтардың бірі. Табиғаттағы әрбір жануар мен балықтың өзіндік маңызы бар. Олар қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Егер адамдар аңдарды немесе балықтарды рұқсатсыз, белгіленген ережелерді сақтамай аулай берсе, кейбір жануарлар түрлері азайып, тіпті жойылып кету қаупі пайда болады.
Заңсыз аңшылық көбінесе табиғи ресурстарды жеке пайда үшін дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Кейбір адамдар аң-құстарды немесе балықтарды көп мөлшерде аулап, табиғатқа келетін зиянды ескермейді. Мұндай әрекеттер тек жануарларға ғана емес, келешек ұрпаққа да кері әсер етеді. Себебі табиғат байлығы — барша адамзатқа ортақ құндылық.
Менің ойымша, әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға жауапты болуы керек. Аңшылықпен немесе балық аулаумен айналысатын адамдар заңда белгіленген талаптарды орындап, рұқсат етілген уақыт пен мөлшерді сақтауы қажет. Бұл ережелер табиғатты шектеу үшін емес, керісінше жануарлар әлемін қорғау және олардың санын сақтау үшін енгізіледі.
Ақмарал Нұрғалиева
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының аудандық басқарма басшысы



