Жануарларға қатыгездік көрсету – қоғамдағы адамгершілік құндылықтарға қайшы әрекет деп ойлаймын. Жануарлар да тіршілік иесі, олар қамқорлық пен қорғауды қажет етеді. Оларға әдейі зиян келтіру, қараусыз қалдыру немесе қатыгездікпен қарау – тек заң бұзушылық емес, сонымен қатар адамның мейірімділік қасиетіне сын.
Менің ойымша, жануарларға деген қарым-қатынас адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді. Үй жануарларын асыраған адам оларға жауапкершілікпен қарап, қажетті күтім жасауы керек. Ал көшедегі жануарларға да немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше көмек көрсету – әр азаматтың адамдық борышы.
Жануарларға қатыгездікпен қарауды болдырмау үшін заң талаптарын сақтау ғана емес, қоғамда жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру маңызды. Балаларға кішкентай кезінен жануарларды қорғау, табиғатты құрметтеу туралы дұрыс тәрбие беру қажет.
Абылайхан Тлепиев
Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



