Менің ойымша, қазіргі заманда ақпараттың жылдам таралуы адамға үлкен мүмкіндікпен бірге үлкен жауапкершілік те жүктейді.
Бір ауыз сөз немесе әлеуметтік желідегі бір жазба бірнеше минуттың ішінде мыңдаған адамға жетуі мүмкін. Сондықтан кез келген ақпаратты таратпас бұрын оның рас-өтірігін тексеру өте маңызды.
Мен үшін ақпараттық сауаттылық – бүгінгі қоғамдағы маңызды мәдениеттің бірі. Көргеннің бәріне сену де, естігеннің бәрін тарату да дұрыс емес. Ақпараттың қайдан шыққанын, нақты дерекке сүйенетінін және ресми ақпарат көздерінде расталғанын қарау қажет. Әсіресе әлеуметтік желіде біреудің аты-жөнін, суретін немесе жеке өміріне қатысты мәліметті дәлелсіз жариялау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адамның абыройы мен құқығын бір ғана жалған жазбамен бұзуға болмайды.
Ақпаратты тарату – бір батырманы басу ғана. Ал оның салдары кейде бір адамның өміріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан әр сөзімізге жауапкершілікпен қарайық.
Бақытгүл Қарамұрзиева
Аудандық Мансап орталығының маманы



