Адамның туған жерге деген құрметі оның табиғатқа деген көзқарасынан байқалады. «Таза Қазақстан» акциясының мәні де осы ұстанымда жатыр деп ойлаймын.
Кейде үлкен өзгеріс кішкентай қадамнан басталады. Бір тал көшет отырғызу, ауладағы қоқысты жинау немесе қоғамдық орынды таза ұстау – қарапайым әрекет болғанымен, оның қоғамға берер әсері зор.
Бүгінде табиғатты қорғау – тек экологтардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті емес. Бұл – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігінің көрінісі.
Қонаш Қалдыоразұлы
ҚР Журналисттер одағының мүшесі



