Жаңа Конституция – ел дамуының сенімді кепілі

Қазақстан тарихында мемлекет дамуына бағыт берген маңызды кезеңдер аз емес. Соның ішінде Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, болашаққа деген нық қадам жасауға мүмкіндік берген маңызды шешімдердің бірі болды.

Бұл құжат – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, халықтың сенімі мен үмітін біріктіретін негізгі құқықтық тірек.

Жаңа Конституцияның өзегі – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Бұл өзгерістер әрбір азаматтың қоғам өміріндегі рөлін арттырып, ел тағдырына бейжай қарамай, белсенді қатысуына жол ашты. Бұрын халық пен билік арасында белгілі бір алшақтық байқалса, бүгінде азаматтардың пікірі ескеріліп, олардың үні нақты шешімдер қабылдау барысында маңызды орын ала бастады. Бұл – ашық әрі әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам.

Конституциялық реформалар мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, олардың жауапкершілігін арттырды. Парламенттің ықпалы нығайып, жергілікті басқару жүйесінің маңызы өсті. Мемлекет енді тек шешім қабылдаушы ғана емес, халықпен санасатын, қоғам пікіріне сүйенетін құрылым ретінде дамып келеді. Бұл өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іс жүзінде жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.

Әсіресе, әлеуметтік әділеттілікке ерекше мән берілуі – халық үшін үлкен қолдау. Табиғи байлықтардың ел игілігіне қызмет етуі, заң алдындағы теңдік және әлеуметтік қорғау тетіктерінің күшеюі – қоғам тұрақтылығы мен мемлекет болашағының берік негізі.

Жәнібек Ғалымжанұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026