Қазақстан тарихында елдің тағдырына тікелей әсер еткен шешімдер аз емес. Солардың қатарында Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттің саяси бағытын жаңғыртқан маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін.
Бұл құжат халықтың үміті мен мемлекеттің болашаққа деген нақты бағдарын айқындайтын стратегиялық негіз.
Жаңа Конституцияның басты құндылығы - адам. Оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Бұл маңызды өзгерістер азаматтардың ел өміріне бейжай қарамай, қоғамдық процестерге белсенді араласуына жол ашады. Бұрын халық пен билік арасындағы алшақтық сезілсе, енді бұл арақашықтық қысқарып, халықтың дауысы шешім қабылдауда нақты естіле бастады. Бұл әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыру жолындағы нақты бетбұрыс. Конституциялық реформалар билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, саяси жүйенің жауапкершілігін арттырды. Парламенттің ықпалы күшейіп, жергілікті басқару органдарының рөлі артты. Мемлекет енді біржақты шешім қабылдайтын құрылым емес, қоғаммен санасатын, халық пікіріне сүйенетін жүйеге айналуда. Бұл бағыттағы бастамалар Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Әсіресе, әлеуметтік әділеттілік қағидаларының нақты бекітілуі қарапайым азаматтар үшін үлкен сенім. Табиғи ресурстардың халық игілігіне қызмет етуі, заң алдындағы теңдік, әлеуметтік қорғау шаралары – қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының кепілі.
Жаңа Конституция -Жаңа Қазақстанның құқықтық іргетасы. Ең бастысы, бұл құжат әрбір азаматқа ел тағдырына ықпал ете алатынын сездірді. Өйткені әділетті қоғам халықтың сенімімен құрылады.
Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мамбетиязов Ақан Аманжолұлы




