Жаңа Конституция – ел болашағына бастар даңғыл жол

Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты негізі.

Соңғы конституциялық  саяси жүйесін жаңартып, қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін маңызды тарихи қадам болды. Бұл – мемлекеттің болашақ бағытын айқындап қана қоймай, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтқан маңызды құжат.

Жаңа Конституция ең алдымен адам құқығы мен бостандығын қорғауды басты орынға қойды. Бұл әрбір азаматтың өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне, ел өміріндегі өзгерістерге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бүгінде халықтың пікірі ескеріліп, олардың ұсыныстары мен талаптары мемлекеттік деңгейде назарға алына бастады. Бұл – әділетті қоғам құруға бағытталған нақты өзгерістердің көрінісі.

Конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесіне де жаңа серпін берді. Билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік сақталып, олардың жауапкершілігі артты. Парламент пен жергілікті басқару органдарының мүмкіндіктері кеңейіп, олардың қоғам алдындағы рөлі күшейді. Бұл бастамалар Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанын көрсетеді.

Гульмира Жанболатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026