Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды әрі тарихи шешім.

Аталған құжат тек заңнамалық өзгерістерді қамтып қана қоймай, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық қадам болып табылады. Себебі, сөз болып отырған – Қазақстан Республикасының Конституциясы, яғни елдің негізгі тірегі мен басты құндылықтарының жиынтығы. Жаңа Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес. Ол – елдің даму философиясы, басқару мәдениеті және әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ ұстаным.

Негізгі мақсат – жүйелі өзгерістер енгізу. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту, халықтың үнін шешім қабылдау үдерісіне нақты енгізу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер әділеттілік қағидатын орнықтыруға, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге және «мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет» ұстанымын нақты іске асыруға бағытталған. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын. Өйткені, бүгінгі реформалар елдің ертеңгі тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Әрбір азаматтың пікірін ескеріп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру - уақыт талабы. Мұндай тарихи кезеңде бірлік танытып, ортақ мақсат жолында жұмыла білу – баршамыздың міндетіміз. Жаңа Конституция еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз болады деп сенемін. 

Дидар Бағытова,

«Аманат» партиясы Жылыой аудандық филиалының қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT