Жаңа Қазақстан - жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Кеше еліміз үшін маңызды қадам жасалды: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар нақты іс.

Аудандық мәслихат төрағасы ретінде мен референдум барысында тұрғындардың жоғары белсенділік танытқанын ерекше атап өткім келеді. Әр азаматтың өз таңдауын жасауға деген ниеті – бұл тек саяси қатысу емес, бұл ел болашағына деген жауапкершілік пен жанашырлықтың айқын көрінісі. Жалпыхалықтық дауыс беру халық пен билік арасындағы ашық әрі сенімді диалогтың маңызды алаңына айналды. Азаматтар өз пікірін еркін білдіріп, елдің даму бағытын айқындауға тікелей үлес қосты. Бұл қоғамдағы сенімнің нығайып, жүргізіліп жатқан реформалардың халық қолдауына ие екенін көрсетеді.

 Сонымен қатар, референдум нәтижесі еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің өзектілігін дәлелдеді. Президент ұсынған бастамаларға халықтың қолдау білдіруі – жаңғыру жолындағы нақты әрі сенімді қадам. Осындай тарихи кезеңде қабылданған шешімдер еліміздің тұрақты дамуына берік негіз қалайды. Референдум – әділетті, ашық және жауапты қоғам құру бағытындағы маңызды белес.

Қорыта айтқанда, бұл науқан ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің, сондай-ақ саяси мәдениеттің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Әр азаматтың белсенділігі – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді күшейтіп, болашаққа жаңа мүмкіндіктер ашты. Халықтың бірлігі мен саналы таңдауы – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының басты кепілі.

Қанат Мыңбаев,

аудандық мәслихат төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT