Жаңа Ата Заң жобасы

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған Жаңа Ата Заң жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңартуға бағытталған маңызды бастама.

Құжаттың мазмұны азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде әзірленуі оның ашық әрі демократиялық сипатта дайындалғанын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған бір палаталы Парламент құру идеясы мемлекеттік басқару құрылымын ықшамдап, заң шығару үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл қадам билік тармақтарының тиімді жұмыс істеуіне және қоғам талаптарына дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сондықтан бұл реформа елдің саяси жаңғыруына тың серпін беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтады деп сенемін.

 
Рахим Орақов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

AQPARATPRINT