Мен «Таза Қазақстан» акциясын жақсы бастама деп ойлаймын.
Себебі көшенің, ауланың таза болғаны бәрімізге жағымды. Бірақ тазалықты тек акция кезінде ғана ойламау керек.
Меніңше, әр адам өзінен бастаса жеткілікті. Қоқысты жерге тастамау, айналаны ластамау, ағашқа зиян келтірмеу сияқты қарапайым нәрселердің өзі маңызды. Кейде адамдар «біреулер жинайды ғой» деп ойлайды. Бірақ тазалыққа бәріміз жауапты болсақ, қаламыз да әдемі болады.
Маған бұл акцияның ұнайтыны – адамдарды бірге жұмыс істеуге үйретеді. Бір аула тазарып, бір көше көркейсе де, оның пайдасы бар. Ең бастысы, тазалықты бір күндік жұмыс емес, күнделікті әдетке айналдырсақ болғаны.
Аман Мұратұлы
Жеке кәсіпкер



