Өзгеріске үн қосу – әр азаматтың міндеті

 Биыл өткізілгелі отырған конституциялық реформа – ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты күшейтуге бағытталған деп ойлаймын.

 Бұл реформаның басты ерекшелігі – халықтың пікіріне сүйеніп, маңызды шешімдерді референдум арқылы қабылдауында. Яғни әрбір азаматтың дауысы ел болашағына әсер ететінін көрсетеді. Мұндай қадам халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, мемлекет дамуына тың серпін береді деп сенемін.

  Жеке азамат ретінде бұл реформадан қоғамдағы жауапкершілік пен белсенділік арта түседі деп күтемін. Өйткені елдің дамуы тек мемлекетке ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымына да байланысты. Конституциялық реформа – әділетті, тұрақты әрі дамыған Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

                                  Қала тұрғыны
                             Ерлан Абдығалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT