Бір тал көшетті отырғызу, ауланың шетін тазалау, қоқысты тиісті жерге тастау – сырт көзге елеусіз әрекет болуы мүмкін.
Бірақ осындай кішкентай істер адамның туған жеріне деген құрметін көрсетеді.
Тазалықты бір күнде жасап қоюға болады. Ал таза ортаны сақтау – тәрбие мен мәдениетті талап етеді.
Мен «Таза Қазақстан» нәтижесін тек тап-таза көшеден емес, адамдардың әрекетінен көргім келеді. Баланың қолындағы қоқысты жерге тастамайтынын, үлкеннің көшетке су құйып жүргенін, тұрғынның өз ауласын өз үйіндей көретінін көрсем – сол кезде бұл бастаманың шын мәнінде нәтижелі болғанына сенемін.
Гауһар Аманжанқызы
Жеке кәсіпкер




