Өзгеріс – ел болашағы үшін

Биыл өткізілгелі отырған конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам деп есептеймін. Қоғам уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Сондықтан мемлекеттің негізгі заңы да заман талабына сай жетілдіріліп, халықтың мүддесіне қызмет етуі тиіс.

 Бұл реформа арқылы азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау күшейіп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігі арта түседі деп сенемін. 

 Әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, қоғам өміріндегі өзгерістерге белсенді атсалысуы қажет. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі қабылданатын шешімдерге байланысты. 

                              Қала тұрғыны
                           Маржан Каюпова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT