Заңсыз қаржы жинауға тыйым салынады

«Балапан» бөбекжай-бақшасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет» тақырыбында жиын өтті. Балабақшада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда әділдік пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балабақша меңгерушісі А.Дүйсемалиева ұжым қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және заң талаптарын қатаң ұстану мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

 Жиналыс барысында қызметкерлерге кез келген заңсыз әрекеттерге қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Атап айтқанда, ата-аналардан ақша жинау, мерекелерде сыйлық қабылдау сияқты әрекеттердің заңға қайшы екені түсіндірілді. Бұл талаптардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз ету және ата-аналар мен қоғамның сенімін арттыру. 

Сонымен қатар әрбір қызметкер өз міндетін адал атқарып, қызметтік әдеп нормаларын сақтауы қажеттігі атап өтілді. Балабақша ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әр азаматтың борышы екенін түсінеді. «Балапан» бөбекжай-балабақшасында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады. 

Х.Мусаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT