Жалған ақша жасау және тарату – қоғамның экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіретін ауыр қылмыстардың бірі. Мұндай заңсыз әрекеттер мемлекетке ғана емес, қарапайым азаматтарға да үлкен зиян келтіреді.
Мен жалған ақша жасау немесе оны біле тұра тарату – заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс әрекет деп ойлаймын. Сондықтан әрбір азамат қолындағы ақшаның түпнұсқалығына назар аударып, күмәнді жағдайлар кездескен жағдайда тиісті органдарға хабарлауы қажет. Қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік жоғары болған жағдайда ғана мұндай қылмыстардың алдын алуға болады.
Еліміздің қаржылық қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Заң талаптарын сақтау арқылы ғана қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайта аламыз.
Гүлмира Хасанова
Аудандық орталық аурухананың пациенттерді қолдау қызметінің меңгерушісі



