Қоғамның тұрақты дамуы үшін заң мен тәртіптің маңызы зор. Алайда заңның тиімділігі оның қаншалықты қатаң екендігімен емес, қаншалықты әділ қолданылатындығымен өлшенеді. Егер заң барша азаматқа бірдей қызмет етсе, адамдар оны құрметтейді және сақтауға тырысады. Кейде қоғамда тәртіп орнатудың жолы ретінде жазаны күшейту ұсынылады. Бірақ қорқынышқа негізделген тәртіп ұзаққа бармайды. Нағыз тәртіп азаматтардың заңға деген сенімінен қалыптасады. Заңның әділдігіне күмән туған жерде құқық бұзушылық көбейеді.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ




