Еліміздің дамуы мен қоғамдағы тұрақтылық әр азаматтың заңға деген құрметінен басталады.
Заң бәріне ортақ болуы керек. Әр адам өзінің қызметіне, жасына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан заң талаптарын орындауға міндетті.
Біз балаларымызға тәртіпті болуды, өзгенің еңбегін бағалауды, қоғамдық ортада әдеп сақтауды үйретуіміз қажет. Сонымен қатар тұрғындар да өз ауласын таза ұстау, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу, айналасындағылардың тыныштығын бұзбау арқылы ортақ тәртіпке үлес қоса алады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмірімізде нақты көрініс табуы тиіс. Себебі қауіпсіз әрі әділетті қоғам құру – тек мемлекеттік органдардың емес, барша халықтың ортақ міндеті.
Айару Амангелді




