Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты негізі.
Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Қоғамда тыныштық пен татулық болуы үшін әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек. Әсіресе, жолда жүру ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – баршамызға ортақ міндет. Заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігінен басталады.
Сондықтан отбасында балаларға кішкентай кезінен тәртіп пен заңға құрмет көрсетуді үйрету маңызды деп санаймын.
Сонымен қатар көшеде, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережелерін бұзбау, айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау – баршамызға ортақ міндет. Әр адам өзінен бастап тәртіп сақтаса, қоғамда құқық бұзушылық та азаяды деп ойлаймын.
Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Заң үстемдік құрған жерде әділдік, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім қалыптасады. Еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауға барлығымыз атсалысуымыз қажет».
Дәурен Балабай




