Заң мен тәртіп – әрбір өркениетті қоғамның басты құндылығы.
Қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір адам заң талаптарын сақтап, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Бүгінде құқықбұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, интернет-алаяқтықтан сақтандыру, жастар арасындағы тәртіп пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, жас ұрпаққа заңды құрметтеуді, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуды үйретуіміз керек. Заңды білу ғана емес, оны күнделікті өмірде сақтау да маңызды.
Әр отбасында тәрбие мен жауапкершілік қалыптасса, қоғамда да тәртіп орнайды. Заң үстемдік еткен жерде әділдік, қауіпсіздік пен бейбіт өмір болады. Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидатын қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Нұрсұлу Сарсенова




