«Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының бейнесі»

Бүгінде елімізде заң мен тәртіп мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Менің ойымша, әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі заң үстемдік құрған жерде әділдік орнап, халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Қоғамда ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, жол ережесін бұзу және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпаққа заңды құрметтеуді, үлкенді сыйлауды, өзгенің құқығын бұзбауды үйрету маңызды.

Заң мен тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол әр адамның күнделікті өмірінен басталады. Әр азамат өз міндетін адал атқарып, айналасына құрметпен қараса, елімізде тыныштық пен қауіпсіздік нығая түседі. Сондықтан заңға бағыну – өркениетті қоғамның басты белгісі деп есептеймін.

Жанаргүл Балжігітіова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT