«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ»

Заң мен тәртіп – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі.

Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Қоғамда тәртіп болған жерде тыныштық, өзара сыйластық пен қауіпсіздік орнайды.

Бүгінде құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе, жас ұрпақты заңды құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, өзгенің құқығына қол сұқпауға тәрбиелеуіміз керек.

Заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әр адам өзінен бастап тәртіп сақтаса, қоғамда әділдік пен қауіпсіздік нығая түседі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстануымыз қажет.

Дана Баймағанбетова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT