Заңға құрмет өзіңнен басталады

     Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізгі тірегі.

Бірақ оны қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың міндеті деп қарау дұрыс емес. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі қажет. Қоғамдағы тәртіп күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – заңға деген жауапкершіліктің көрінісі.

      Меніңше, заңды тек жауапкершіліктен қорыққандықтан емес, қоғам алдындағы азаматтық парызымыз болғандықтан сақтауымыз керек. Заңға құрмет артқан жерде тәртіп те, сенім де берік болады.

 

                                    Азамат Әсемғалиев, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT