Құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен азаматтардың заңға деген құрметі жоғары болуы қажет. Заң бәріне бірдей ортақ, сондықтан оны сақтау – қоғам алдындағы жауапкершілік.
Заңды құрметтеу тек құқық бұзбаумен шектелмейді. Ол өз міндетіңді адал атқарудан, әділ болудан және өзгенің құқығын сыйлаудан басталады. Әсіресе жастар заң талаптарын жақсы біліп, құқықтық мәдениетін арттыруы қажет. Сонда ғана елімізде әділеттілік пен қоғамдық тәртіп нығая түседі.
Заңға құрмет көрсету – Отанға деген құрметтің белгісі. Әрбір азамат заңды сақтап, қоғамның дамуына өз үлесін қосса, еліміздің болашағы жарқын болады.
Нұрсәт Қаржау, Жылыой ауданы тұрғыны



