Заңға құрмет – қоғамға құрмет


Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заңға бағыну – тек құқықтық талап емес, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Заң мен тәртіп сақталған жерде тұрақтылық пен әділдік салтанат құрады.Бүгінде елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Жастардың заңды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі – қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Өйткені заңды құрметтеген адам өзгенің де құқығын сыйлайды. Тәртіп – табысты қоғамның негізі. Әр азамат заң талаптарын бұлжытпай орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосса, еліміздегі қауіпсіздік пен бірлік нығая түседі. Заңға құрмет – елге деген құрметтің айқын көрінісі.

Айша Ерден, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT