Заңға құрмет – қоғамға да үлкен құрмет

Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен елдің тыныштығын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі.

Әрбір азамат заңды құрметтеп, өз құқығы мен міндетін білуі керек. Өйткені заң бар жерде әділдік, тәртіп бар жерде тыныштық болады. Қоғамда әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өзгелердің құқығын бұзбауға тырысса, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады.

Заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, жас ұрпаққа заңға бағынуды, үлкенді сыйлауды, өзгенің еңбегін бағалауды және қоғамдық тәртіпті сақтауды үйрету маңызды. Біз балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, адалдық пен жауапкершілікті бойына сіңіруіміз қажет. Әрбір адам заң талаптарын орындауды өзінен бастаса, елімізде қауіпсіз әрі бейбіт өмір қалыптасады деп сенемін.

Гаухар Сағынбаева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT