ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ДА ҚҰРМЕТ

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізгі тірегі.

Заң талаптары сақталған жерде азаматтардың құқығы қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік те нығая түседі.

Заңды білу – міндет болса, оны құрметтеу – әр азаматтың жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті бұзбау – заңға деген құрметтің нақты көрінісі.

Тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Ол – қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру әр отбасынан, әр азаматтың өзінен басталуы тиіс.

 

Санжар Берекеұлы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT