Заңға құрмет – елге құрмет

Заң – мемлекет пен қоғамның негізгі тірегі. Заң үстемдік құрған жерде әділдік орнап, халықтың әл-ауқаты артады.

Сондықтан заңға құрметпен қарау – елге деген құрметтің көрінісі. Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Әр тұрғын тазалықты сақтап, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарап, тәртіпке бағынса, қоғамда өзара түсіністік пен жауапкершілік қалыптасады.
     Қазіргі кезде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл – халықтың тыныштығы мен қауіпсіз өмір сүруі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Тәртіпке бағынған елдің болашағы жарқын. Сондықтан заңды сақтау мен сыйлау – әр азаматтың басты қағидасына айналуы тиіс.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT