Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның тыныштығын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі.
Қоғамда әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуі қажет. Себебі заң – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп, баршаға ортақ тәртіп орнататын маңызды құрал. Заңды құрметтеу тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік қызметшілердің міндеті емес, ол – әрбір азаматтың азаматтық борышы.
Менің ойымша, заң мен тәртіпті сақтау отбасынан, мектептен және күнделікті өмірден басталады. Бала кезінен үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеуді үйренген адам болашақта жауапты азамат болып қалыптасады. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындаса, қоғамда құқықбұзушылықтар азайып, адамдардың бір-біріне деген сенімі арта түседі.
Айдана Жанұзақова.




