Заңға құрмет – елге деген құрмет

Әрбір өркениетті мемлекеттің негізі – заңға деген құрмет. Заң адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, қоғамдағы әділдік пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Сондықтан заң талаптарын орындау – елдің дамуына қосылған маңызды үлес. Бүгінде қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы артып келеді. Әсіресе жастар заңды біліп, оны құрметтеуге дағдылануы қажет. Өйткені заңды сыйлайтын ұрпақ қана әділетті әрі жауапты қоғам құра алады.
     Заңға бағыну қорқыныштан емес, саналы көзқарастан туындауы тиіс. Әр азамат заңды сақтауды өмірлік қағидасына айналдырса, елімізде тәртіп пен тұрақтылық нығая түседі.

Камилла Қалабай, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT